«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өңірлік жобаға қатысу үшін қосымша өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. 2017 жылдың маусым айының 9-нан 28-не дейін өңір тұрғындары Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй бағдарламасы аясында өтінім беріп, баспаналы бола алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Осы бағыт бойынша Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оларға қашан дауыс беруге болатынын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жақын күндері жарияламақ. Бір шаршы метрінің құны – 119 000 теңге, бұл нарықтағы бағадан 45 %-ға арзан.
Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу керек, сонымен қатар, шотында тұрғын үй құнының 30 %-ы жатуы тиіс.
1 ш/м құны, тг | Пәтер түрі | Ауданы, ш/м | Бағасы, тг | Пәтер саны |
119 000 | 1-бөлме | 46,41 дейін | 5 522 790 тг дейін | 24 |
3-бөлме | 85,64 дейін | 10 191 160 тг дейін | 17 |
Өтінішті банк филиалына немесе банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Толық ақпарат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінен алуға болады:
Өскемен қ., Головков көш., 25/1, (7232) 28 00 75,
Өскемен қ., Михаэлис көш., 2, (7232) 75 39 70,
ШҚО, Аягөз қ., Дуйсенов көш., 102/2.,(72237) 33334.