Ұлан ауданы Төменгі Тайынты ауылындағы жол келесі жылы жөндеуден өткізіледі. Бұл жайлы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жол жөндеу жұмыстарына 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық бюджет 2016 жылы қалыптастырылып қойған. Биыл тағы қосымша қаражат бөлінді, бұған кейбір елді мекендердегі жолдар жөнделді. Келесі үш жылға қалған барлық жолдарды жөндеуге қаражат қарастыратын боламыз, - дейді ол.
Аудан әкімінің сөзіне сенсек, Төменгі Тайынты ауылындағы жол келесі жылы міндетті түрде жөнделеді.
- Азаматтарды қабылдау кезінде маған әлеуметтік салаға қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Соның ішінде "Асубұлақ-Төменгі Тайынты" автожолындағы көпір мәселесі көтерілді. Жаңа көпір салынады, ал жол кеңейтіледі. Бұл елді мекендер арасындағы қашықтықты 40 км-ге қысқартуға мүмкіндік береді, - деп жазды Нұрымбет Сақтағанов.