Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 3 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 2-ші маусым күні Ұлан ауданында болған.
- Жанұзақ ауылындағы Ұлан өзенінде 3 жасар бала суға батып кетті. Алдын ала болжам бойынша бала ата-анасының қарауынсыз қалған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары ата-аналардан жағалауда, суда балаларын қараусыз қалдырмауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
- Су айдындарында балалардың ойнауына жол бермеу керек.
Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөмеріне хабарласыңыздар, - делінген ақпаратта.