Ұлан ауданында «Ақ бата» аудандық сайысы өтеді

2430
көрілім
Көрісу күні Ұлан ауданында ауқымды өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық киім трендте» жобасы аясында ауданның барлық мемлекеттік ұйымында және 31 білім беру, 34 мектеп жасына дейінгі мекемеде ұлттық нақыштағы шаралар ұйымдастырылуда.
 
- Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастыру мақсатында, ауданда Наурызнама онкүндігі бойынша оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арналып өткізілетін болады. Мереке барысында «Ақ бата» аудандық сайысы, «Ұлан аруы – 2024» байқауы, «Аударыспақ», «Жамбы ату» аудандық спорттық сайысы, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қайырымдылық акциясы өтеді, - деп хабарлады аудандық ішкі саясат бөлімінен.