Ұлан ауданында арнайы жабдықталған 31 IT-сынып ашылған

993
көрілім

Жалпы алғанда ШҚО республикада ІТ-сыныптардың ашылуы бойынша көш бастап тұр. Бұл ретте аудан мектептерінің әл-ауқаты үлкен рөл атқармақ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Ұлан ауданында биылғы оқу жылына деген жоғары қарқын байқалады. Ағымдағы жаңа оқу жылында ауданда 587 бүлдіршін бірінші сыныптың табалдырығын аттаған. Яғни болашақта 600-ге жуық түлек аудан мектептерін тәмәмдап шықпақ.
–  Р.Мәрсеков атындағы білім ордасының өзінде 135 бала бірінші сыныпқа барды. Бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтаймын. Алда ұстаздарының үміттерін ақтап, білімді азамат болып өсулеріне тілектеспін, әрі сенімдімін, – дейді Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.


Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ұлан ауданында 31 IT-сынып ашылған. Сондықтан оқушылардың жоғарғы технологияларды пайдалана отырып, жаңа білім алуларына барынша жағдай жасалады.


Данияр ЗАЙНЕЛОВ