Ұлан ауданында «Аяулы жас келін» байқауы өтті

802
көрілім
Фотосурет - Ұлан аудандық ішкі саясат бөлімінен

Кеше аудандық Мәдениет үйінде аудандық «Аяулы жас келін» байқауы өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайты.

Бұл шараны «Жастар орталығы» КММ мен аудандық «Дарын» МКҚК ұйымдастырып отыр. Байқауға 7 ауылдық округтен 7 келін қатысып, Бас жүлдені Багратион ауылдық округінің келіні Сержанқызы Рәбиға иеленді. 1-орынды Аблакет ауылдық округінің келіні Сағанған Эрнэгүл қанжығасына байласа, 2-орынды Асубұлақ кентінің келіні Габдуллина Фарида иеленді. Үздік үштікті Тарғын ауылдық округінің келіні Төлеубек Шұғыла тәмәмдады.

Жеңімпаздар аудан әкімінің Мадақтама қағазымен марапатталып, ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болды.