Ұлан ауданында талай рет жылқы ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
36 жастағы өскемендік пен 22 жастағы Ұлан ауданының тұрғыны алдын ала сөз байласып, жылқы ұрлаумен айналысқан. Кезінде сотты болған екеуі 10 қазан күні Бозанбай ауылында бір бас жылқыны айдап кетіп, мал иесіне 300 мың теңге залал келтіреді. Сонымен қатар, айыпталушылардың маусым және шілде айларында Мамай батыр ауылынан 2 бас жылқы ұрлағандығы дәлелденген.
Ұйымдасқан екеудің басқа да ұрлық фактілеріне қатысы бар-жоқтығы анықталу үстінде.