Тәртіп сақшылары ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан ауданының тұрғыны «102» жедел арнасына хабарласып, әлдекімнің гараждағы көлігін ұрлап кеткендігіне арызданған. Шығын көлемі шамамен алты миллион теңгені құрайды.
– Аталған оқиғаға байланысты күдікті қолға түсті. Ол бұрын сотталған 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.