Ұлан ауданы әкімі ауылдарға жұмыс сапарымен барғанда тасқын су қазындысын байқаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрымбет Сақтағанов жуықта жұмыс барысымен Азовое және Саратовка ауылдық округтеріне атізін салғанын жазды. Мәлім болғандай, тасқын қазындысы Азовое ауылына бара жатқан жолда байқалған.
– Қазындыны көрген бойда бірден жол жөндеу техникасын шақырдық. Мәселе тез арада қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, Ново-Одесское және Отрадное ауылдарына бардым. Өткен жылы қосымша су өткізгіш құбырлар орнатылғалы жолды су шайып кету қаупі сейілген, – дейді Нұрымбет Аманұлы.