Ұлан ауданында кәсіпкер үйі өртенген жалғызбасты анаға 500 мың теңге берді

577
көрілім
Шартты фотосурет

Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының мәлімдеуінше, аталған қаражат жалғызбасты ананың үй алуына бөлінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Восток-молоко" ЖШС бас директоры Сейлжан Сайлаубаев Донское ауылының тұрғыны, "Украинка" шаруа қожалығының сауыншысы, үйі өртеніп кеткен жалғызбасты ана Айсұлу Айтказинаға үй алу үшін 500 мың теңге берген. Бұған қоса басына іс түскен жанға ауылдастары да көмек қолын созудан шет қалмаған.

– Катонқарағай ауданынан ауылдастары 100 мың теңге ақшалай көмек көрсетті. Қазіргі қиын жағдайда қолұшын созып, қолдау көрсету үлкен мәртебе.Осындай игі істер адамдардың бір-біріне деген тілеулестігін көрсетеді. Ауданымызда әрқашанда осындай жанашыр жандар көп болсын! – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықов.