Ұлан ауданы Таврия ауылында тұратын көпбалалы отбасының үйінде өрт сөндірушілер орнатқан газ датчигі сигнал бере бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Әйел адам бірден берілген нұсқаулықтарға сәйкес үйдің ішін желдетіп, азаматтық қорғаныс өкілдеріне хабар береді.
- Біздің қызметкерлер оқиға орнына дереу жетіп, пешке тексеру жүргізді. Нәтижесінде түтін шығатын метал құбырға мұз тұрып бітеліп қалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта пеш пен құбыр толықтай тазартылуда, - деп хабарлады ШҚО ТЖ Азаматтық қорғаныс саласындағы апаттар қаупін азайту және бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр.