Ұлан ауданында көршісін өрттен құтқарған азамат марапатталды

1086
көрілім

Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өртенген үйдің ішінде ес-түссіз жатқан әйелді ажалдан арашалап қалған Пролетарка ауылының тұрғыны Алексей Шрамовқа Алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Түскі ас әзірлеп болған 44 жастағы келіншек 4 жасар баласымен ұйықтап қалған. Өртті алғаш байқаған бүлдіршін анасын оятады. Баласын терезе арқылы шығарып үлгерген әйел өзі тілсіз жаудың шырмауында қалып қойды. Ашық терезенің әсерінен от одан әрі өрши түсіп, түтіннің иісінен есін жоғалтқан.

- Сол кезде көршісі Алексей өрт сөндіру қызметінің келуін күтпестен әйелді құтқаруға ұмтылған. Терезе арқылы үйге кіріп, оны өрт шарпыған үйден алып шықты. Батырлық танытқан Алексеймен кездесіп, өз алғысымды білдірдім, - дейді Нұрымбет Сақтағанов.