Ұлан ауданында құс фабрикасынан 320 келі ет ұрланды

505
көрілім

Ұлан ауданында құс фабрикасынан тауық етін ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хаабрлайды Buqara.kz тілшісі.

18 ақпан күні 9.30 шамасында құс фабрикасының күзетшісі Ұлан аудандық Полиция бөлімшесіне ұрлық фактісі туралы хабарлаған.

Белгілі болғандай, 16 ақпан күні түнде белгісіз біреулер құс фабрикасынан салмағы 320 келі, жалпы сомасы 255 000 теңгені құрайтын тауық етін ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 22 және 26 жастағы Ұлан ауданының тұрғындарын қолға түсірді. Күдіктілер кінәларын толықтай мойындап отыр.

Оқиға орнынан 9 қап тауық тәркіленген.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - дейді  Ұлан ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нүркен Көпжасаров.