Аудандағы Багратион ауылдық округінде мүйізді ірі қара малдарының құтырық ауруын жұқтыру жағдайлары тіркелді. Жергілікті әкімшілік малдарды оқшаулап, вакцина егу шараларын қолға алуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, мамыр айының 30-ы күні «Көктау» учаскесінде жайылып жүрген сиыр кенеттен өліп қалады. Оның себебін анықтағанда құтырық ауылының белгісі табылған. Артынша бұл диагноз облыстық ветеринарлық зертханада да расталды.
Мамандар өлген сиырды ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес өртеп жойды. Қауіпті аурудың одан әрі таралуына тосқауыл қою үшін ауданда профилактикалық шаралар қолға алынды. Оның ішінде қауіп келетін аумақ белгіленіп, малдарды оқшаулау жоспары бекітілді. Оған қожалықтағы ірі қара малдары түгелдей егуден өткізілді.
Алайда шектеу шаралары кезінде 10 ірі қара малы өліп, үшеуінде құтырық белгілері анықталды. Тағы жетеуінің сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ. Алдын ала ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, сынамалары теріс нәтиже көрсеткен.
ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы Рамил Сағындықовтың айтуынша, қазір жағдай тұрақты.