ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдегі бос жатқан жерлер бойынша ақпар ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері осы бағытта нақты жұмыстар қолға алынуда. ҚР ауыл шаруашылығы министрінің жоспарына сәйкес, 160 га жер белгіленді.
ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлистің сөзінше, 2024 жылдың алғашқы маусымында бос жатқан жер көлемі 57,7 га құрады, бірақ іс жүзінде 41,5 мың гектар ғана қайтарылған. Осы аралықта Алтай, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларында жоспарға сәйкес жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.
- Жерді мемлекетке қайтару бойынша ең төменгі көрсеткіш Ұлан ауданында тіркелді. Мұнда жоспар бойынша 8,7 мың га жердің 1,4 мың гектары ғана қайтарылды, - деді Надежда Михейлис.