Ұлан ауданында елікті рұқсатсыз атқан аңшы жазаға тартылып, мемлекет тарапына келтірген шығын үшін 567 250 теңге көлемінде айыппұл төледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Ұлан ауданында елікті рұқсатсыз атқан аңшы жазаға тартылып, мемлекет тарапына келтірген шығын үшін 567 250 теңге көлемінде айыппұл төледі.
Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Орман және аңшылық шаруашылығы жедел-қимыл тобы 14 қазан күні Ұлан ауданында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы, 1-тармағының талаптарын бұза отырып, заңсыз аңшылық құрған азаматты құрықтаған. Елік атқан браконьер заңсыз әрекетіне айыппұл төлеп қана қоймай, мемлекетке келтірілген шығын үшін 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы жасады.