Қазір шаруа қожалығының басшылары тиісті жоспарларын бекітіп, орайлы сәтті күтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Багратион ауылдық округіне барған. Сол жерде Құрпа өзеніңде орналасқан су қоймасының қазіргі жағдайына үңілді.
– Су қоймасының толық көлемі 9.95 млн куб метр, қазіргі жиналған су деңгейі 30 пайызды құрайды. Су ағызатын арнайы диаметрі 500 см кұбыры бар. Су қоймасы жағдайы үнемі бақылауда, – дейді Нұрымбет Аманұлы.
Бұдан бөлек, аудан басшысы "Багратион ВВГ" және "Багратион 2" шаруа қожалықтарының басшылары Василий Воропай және Александр Воропай жүздесіп, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын талқылады. Өз кезегінде қожалық басшылары күн райының қолайлылығына қарай қызу жұмысқа кірісетіндіктерін жеткізді.