Жылыту маусымы кезінде Ұлан ауданының азаматтық қорғау ұйымы өрт санын азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізді. Жергілікті атқарушы ұйымдармен және аудандық полиция бөлімі бірлесіп, өртке қарсы нұсқаулықтар тарату мақсатында елді мекендер мен тұрғын үй секторларын аралады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Ұлан ауданы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Халыққа пеш және газ баллон жабдығын орнату және пайдалану жайлы түсіндірілді. Көпбалалы отбасылардың тұрып жатқан тұрғын үйлерінде тұншықтырғыш газ анализатор датчиктері орналасқан. Тұншықтырғыш газдың автономды датчигі ауадағы улы газды орнатылған дабыл арқылы анықтайды. Улы газ оттегі жетіспеушілігі жағдайында, көміртекті заттардың бықсуында, жылыту құрылғыларын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда пайда болады.
Ұлан ауданы бойынша 86 улы газ датчиктері орнатылды.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында сынып сағаттарында, ата-аналар жиналысында өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.