Ұлан ауданында жоғалған бір үйір жылқы табылды

6629
көрілім

Қазан айының 31-і күні Бозанбай ауылының 33 жастағы тұрғыны жайылымнан 18 бас жылқы ұрлау фактісі бойынша Ұлан ауданының полиция бөліміне жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Иесінің айтуынша, қылқұйрықтылар қазан айының 24-і күні жайылымнан жоғалған. Бір апта ішінде өз бетінше іздеп, табылмаған соң полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оның шеңберінде криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушілермен бірлесіп іздестіру іс-шараларына кіріскен.

- Іздеу шамамен 10 күнге созылды, автожолдар мен ет өнімдерін өткізу орындары жедел жабылып, көліктер тексерілді. Іздеу нәтижесінде полицейлер Жанұзақ ауылы маңында жылқыларды тауып, заңды иесіне қайтарып берді, - делінген мәліметте.

Айта кетерлік жайт, 15-24 қараша аралығында облыс аумағында «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Үш күнде 17 қылмыс ашылып, 66 бас мал табылған. Оның ішінде 40 жылқы мен 26 бас ірі қара малы..

- Айыппұл тұрағына 723 қараусыз жайылып жүрген мал қамалды. 148 азамат мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 571 автокөлік, 427 шаруа қожалықтары мен мал бағатын орын, мал және ет өнімдерін өткізетін 197 орын (базарлар, дүкендер, павильондар) тексерілді, - деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Белгілі болғандай, ветеринария саласында ӘҚБтК-нің 406-бабында көзделген 45 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 36-ы мал және ет өнімдерін тасымалдау үшін, 9-ы мал және ет өнімдерін сату үшін (барлық материалдар әкімшілік хаттамалар жасау үшін ветеринариялық қызметтерге жіберілді).

Полиция департаменті өкілдері мал ұрлығының немесе жоғалудың алдын алу үшін Полиция департаменті мал иелерін қора-қопсыларын нығайтып, малды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қораны сенімді қоршаумен нығайтып, онда жарық орнатуға кеңес беберді. Сондай-ақ малды таңбалап биркалауды ұмытпаңыз. Егер Сіздің малыңыз жоғалып немесе ұрланған болса, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.