Ұлан ауданында жоғарғы сортты картоп өсірілуде

614
көрілім

Макеевка ауылындағы «Ярославское» ЖШС-нде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен магистранттары 15 тонна картоп өсіріп, әр гектарынан 40 тонна өнім алды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл ғылыми жоба аясында ұйымдастырылған. Бірнеше жылдан бері университет мамандары ауыл шаруашылығы ұйымдарымен серіктестік орнатып, селекциялық тәжірибелер жасайды.

Зертхана қорында 90-нан аса картоп сұрыпы бар. Ал «Шығыс» («Восточный-1»), «Изольда» және «Таврия» сұрыптары тексеріс нәтижесінде мемлекеттік реестрге енген.

– Тұқымдық картоп іріктелген соң, қалған 110 қапшық картоп жатақханада тұратын аз қамтылған отбасылардан шыққан және өзге елді мекендерден келген ШҚМУ студенттеріне тегін таратылды. Өнімді өндіруге жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің, биология кафедрасының, экология және география кафедрасының студенттері ат салысқан, – деп мәлімдеді ШҚМУ баспасөз қызметі.

Фотосурет vkgu.kz сайтынан