Ұлан ауданында орын алған көліктердің қақтығысу себебі анықталуда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
ШҚО ПД хабарлағандай 28 қыркүйек күні Ұлан ауданындағы Сағыр ауылы маңындағы тасжолда екі көлік соқтығысты.
– «Chevrolet» көлігін тізгіндеген 38 жастағы еркек қарсы жолға шығып кетіп, «Toyota» көлігімен тура қақтығысқан. Жол апатынан 7 адам жарақат алып, дәрігерлік көмекке жүгінді, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.