Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында автокөлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес оқиға қыркүйек айының 11-і күні түнгі сағат 02:44 шамасында, «Өскемен-Алматы» тасжолының 18 шақырымында болған.
«Lada Granta» маркалы автокөліктің 42 жастағы жүргізушісі жылқыға соғылған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы (1954 ж.т. ер адам) әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылған.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 - бабы 3-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген ШҚО ПД ұсынған мәліметте.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.