Десе де аудан әкімі мұны министрлік деңгейінде шешілетін сауал екендігін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бестерек және Ізғұтты Айтықов ауылдарының тұрғындарымен кездесуінде өзге мәселелерден бұрын интернет желісінің нашарлығы, қашықтан оқу кезінде қиындық тудыратындығы сөз етілді. Десе де мәселенің шешімі бар көрінді.
– Негізгі сұрақ – интернет желісінің жәйі. Көптің көкейіндегі бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың құзыреттілігінде емес. Министрлік деңгейінде шешімін табатын сұрақ. Құзыретті министрлік «Қазақтелекомға» тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Дегенмен жерлестеріміздің жайына көз жұма қарай алмаймыз. Жуырда биік нүктеге мұнара қойылатын болады. Сол арқылы екі ауылға да интернет сигналы таратылмақ. Жалпы жыл соңына дейін ауданның 11 ауылына ғаламтор желісі тартылатын болады, – деді Нұрымбет Аманұлы.