Аудандағы балабақшалар кезегінде тұрғандардың өтініші ескеріліп, мәселе мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында шешімін табады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, қазір Ұлан ауданы бойынша балабақша кезегінде 350 бала тұр. Оның ішінде, 1-3 жас аралығында 75% бала балабақшамен қамтылған. Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов жуық арада балақайлар үшін тағы бір қуанышты хабар болатынын жеткізді.
– Биыл ақпан айында Асубұлақ кентінде 75 орынға арналған жекеменшік балабақша ашуды жоспарлап отырмыз. Өткен жылы 4 жекеменшік балабақшаға ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс орындау үшін 225 млн теңге бөлінді. Осы ретте жыл сайын туу көрсеткішінің жоғарылап келе жатқандығын атап өткен жөн, – дейді аудан әкімі.
Әділхан ЕСІМХАНОВ