Ұлан ауданының ауылдық округтерінде тұрғындармен мобильді кездесу өтті

146
көрілім

Бүгін Ұлан ауданының әкімдігі Азовое және Багратион ауылдық округтерінде құқық қорғау органдары өкілдерінің және барлық бөлім басшыларының қатысуымен ауыл тұрғындарына мобильді қабылдау өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауыл тұрғындарының аудан орталығына келу мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Сондықтан, ауылдағы халыққа өздері барып мәселелерін тыңдады. Ауылдарда атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Жиын барысында көтерілген сұрақтарды шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырма берілді. Осындай қоғамдық қабылдау тұрақты түрде ауданымызда өтіп тұрады.