Ұлан ауданының әкімдігі шошқа фермасын салу үшін 80 гектар жерді заңсыз иеленбек болған

8539
көрілім
Шартты фотосурет

Ресми мәліметке сүйенсек, бұған «Аманат» партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы мүшелері кедергі болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан аумағында харам қасапхана салу жөніндегі тақырыпты көпшілік бірауыздан қолдамады. Әйтсе де мұнымен мәселе тәмамдалған жоқ. Қожалық жетекшісі Мырзахан Сүлейменовтің сөзінше, әкімдік, жер комитетінің өкілдері барып, картаға түсіріп алыпты. Шабындық жер өзіме қажет деген сөзге құлақ аспаған көрінеді.
Бұл жөнінде комиссия мүшесі, саясаттанушы Марат Бәшімов ой білдіріп, «ысырап» болған жердің көп екендігін жеткізді.
– Ұлан ауданында тіпті 80 гектар жерді қарапайым халықтан тартып алып, шошқа фермасын саламыз деген, жер кодексіне қайшы келіп отыр. Жерді заңсыз иеленген олигархтар жетерлік. Алып, игермегендер көп. Қанша халық зарлап жүр, – деді ол.