Ұлан ауданының Каменка ауылдық округінде су өткізгіш құбырлар тазартылды

718
көрілім

Аталған ауылдық округтен бөлек, басқа ауылдарда да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықов ұсынған мәліметке сүйенсек, Каменка ауылдық округінде су құбырларын уақтылы тазарту жұмыстары күн тәртібіне қойылған.

– Өткен жылдың күз айларында барлық су өткізгіш құбырлар тазартылып, ағаштан жасалған торлар қойылған болатын. Қазіргі уақытта аталған құбырлар тазартылып бітті. Сонымен қатар осы ауылдық округтегі Қазақстан, Шоссейная және Орталық көшелеріндегі қар үйінділері шығарылды, – деді ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Бұдан бөлек, Қ.Қайсенов кентінде су тасқынының алдын алуда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Арықтар қазылып, ағын судың арнасын қауіпсіз бағыттарға бұру жұмыстары қолға алынған.