Ұлан ауданы Төменгі Донское ауылында ер адам танысының қалтасынан ақша жымқырып, қашып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Танысының ақшасы бар екендігінен хабардар болған азамат оның үйіне қонаққа келеді. Түнгі уақытта 23 жастағы азамат үй иесі ұйқыға бас қойғанда, сырт киімінің қалтасынан 30 мың теңге ақшаны алып, тайып тұрған.
Аудандық сотта қаралған сот ісінде қос тарап медиативті келісімге келгендіктен сотталушы жазадан босатылды.