Ұлан ауданының үш тұрғыны иіс тиіп уланды

2583
көрілім
Фото ЩҚО ТЖД

Ұлан ауданына қарасты Гагарино ауылында үш адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тұрғындар мұржасы тазаланбаған үйде пеш жағып, нәтижесінде көміртегі тотығы бөлмелерге таралды.
- Осының салдарынан 1966,1991 жылы туған екі ер адам және 1967 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды, - делінген мәліметте.