Тазару күні аясында Ұлан ауданында бұлақтардың көзін ашып, көшет егу шаралары өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Наурыз мерекесін атап өту аясында және көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары арықтар мен арналардың көзін ашты.
Бұндай жұмыстар 16 ауылдық округтің әр ауылында іске асты.
Тазару күніне ауданның барлық мекемелері ат салысты. Мектептерде көшеттер отырғызылды. Аудан көлемінде 300-ден астам жас желек отырғызылды.