Ұландықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді

2357
көрілім

Бұдан бөлек, аудан кәсіпкерлері мен жанашыр азаматтар арнайы қорға қаржылай көмек аударып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еліміздің өзге өңірлерінде су апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетілуде.


- Қиын уақытта Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының тұрғындары береке-бірлік танытып, гуманитарлық көмекке атсалысты. 3 тоннаға жуық жиналған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, аяқ киімдер, гигиеналық құралдар мен дәрі-дәрмектер бар, - деді аудандық ішкі саясат бөліміндегілер.


Ұлан жұрты топан су басқан аймақтарда ауызсудың жарамсыз екенін де  ескерген. Сол себепті, аудан тұрғындары атынан 26 тонна ауызсу жөнелтілді. Онымен қатар, аудан кәсіпкерлері мен жанашыр азаматтар арнайы қорға қаржылай көмек аударып жатыр.