Үлбі көпіріндегі астыңғы жол бөлігінің бір жағы уақытша жабылды

360
көрілім

Сәуірдің 18-нен бастап Үлбі көпірінің астымен Протзанов көшесінің жолына өту мүмкін болмайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта су өзеннен өтетін жолды қоршап тұрған блоктар арқылы құйылмайды. Көпірдің астыңғы жол бөлігінде көлшіктер пайда болғандықтан, көлік қозғалысына қиындық тудыруда. Сол себепті Протозанов көшесі жағынан өтетін жол шлагбауммен уақытша жабылды.