Жауапты тұлғалар мұны Риддердегі тау-кен байыту кешенін жоспардан тыс тексеру кезінде анықтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеріс жүргізген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері. Мәлім болғандай, сарқынды сулардың сынамаларында марганецтің 4,5 есе артық мөлшері анықталды. Сондай-ақ, тазарту құрылыстарының дұрыс жұмыс істемеуінен Үлбі өзеніне түрлі сұйықтықтар төгілген. Жоспардан тыс тексеру қорытындысында, «Қазцинк» ЖШС-ға 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.