670 адамға арналған орталық Үлкен Нарын ауылдық округіндегі жаңа емхананың базасында орналасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде болашақ орталықтың эскизі дайын, жалпы жоба жоспар
ы наурыз айында жасалған. Орталық 29 маманды, оның ішінде үш дәрігерді оқытуды жоспарлауда. Оқыту көшпелі түрде өтеді, шығындар "Қазақстан халқына" қоры есебінен. Сондай-ақ ұлттық қор орталықты оңалту қызметтерін көрсетуге арналған жабдықтармен және мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етеді.
- Оңалту орталығы жылына 670 баланы қабылдауға қауқарлы. Бұның ауданның дамуына үлес қосары анық. Яғни көршілес Катонқарағай, Марқакөл, Зайсан, Күршім аудандарынан оңалту шарасын қабылдауға ерекше балалар, олардың ата-аналары мен туыстары келеді. Ауданға келушілердің санын арттыратын шағын бизнес десе де болады, - деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.
Орталық пациенттерге үш сатылы оңалтуды ұсынатын облыстағы екінші емхана болмақ. Біріншісі Өскемендегі Ана мен бала орталығының базасында жұмыс істейді.