Ұлттық банк валютаның жетіспеуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

369
көрілім

«Депозиттер әкетіліп жатыр, банктер ақша беруден бас тартуда, банк бөлімшелерінде валюта жетіспейді» деп желіде таралған хабарлар дәйексіз және арандатушылық ақпарат. Бұл туралы Бұқара.кз сайтының тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.


«Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы депозиттердің әкетіліп жатқаны, банктердің ақша беруден бас тартқаны, банк бөлімшелерінде валютаның жетіспегені туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда.


Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін, Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқандығын хабарлайды. Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде», делінген Ұлттық банк хабарламасында.


ҚР Ұлттық банкі жалған ақпаратты таратушыларды және оның авторларын анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінгенін де еске салған.