Ұлттық ұланда онлайн-байланыс ұйымдастырылды

660
көрілім

Әскери бөлімдерде сарбаздар мен ата-аналар арасында бейне байланыс жасалды. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ұландар өз жақындарымен Skype, Whats App желілері арқылы жүздесіп, тілдесті.

Қос тарап бір-бірін көріп, жаңалықтарымен бөлісіп, қуанысты. Жауынгерлердің бірі әскери қызметі, далалық жаттығулар жайлы айтса, бірі достары туралы айтып, сырттай таныстырды. 

— Анам хабарласатынымды білген жоқ. Қатты қуанғанына өзім де қуандым. Кіші бауырым мені формада көріп қызығып жатыр. “Мен де өскенде әскерге барамын” дейді. Осылай амандық-саулық сұрасқанда, сағыныш басылып, сергіп қаламыз, - дейді 5518 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Нұржан Есенгелді.

Тікелей бейне байланыстан бөлек, сарбаздар әскери бөлімнің мәдени орталығына жиналып, мамыр айында дүниеге келген жауынгерлерге жақындарының туған күнмен құттықтап жолдаған сәлемдемелері мен тілек-жолдаулары көрсетілді.

— Бұл шараның мақсаты — ата-аналарға ұлдары қызмет етіп жатқан бөліністі көрсету, сарбаздардың тұрмым жағдайы мее қызметін өз ауыздарынан естуге мүмкіндік жасау, қуанту. Қазір әскери бөлімімізде 300-ге жуық жауынгер әскери борышын өтеп жүр. Олар күн сайын Өскемен қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз етеді. Тікелей байланысқа 2 жедел мақсаттағы ротадан 50-ден аса сарбаз қатысты, - дейді жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Мейіржан Исақов.
   
Екінші тарап та ұлдарының есейгенін,  олармен мақтанатынын айтып командирлерге алғыс білдірді.

Багдат Амангелді,
"Шығыс"өңірлік қолбасшылығының
баспасөз  қызметі бастығы