Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 500-ге жуық жауынгермен толықты

680
көрілім

Өскемен қаласындағы Республика алаңында Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 және 6699 әскери бөлімдерінің жас сарбаздары салтанатты түрде Әскери Ант қабылдады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Өскемен қаласының әкімі және де облыстық, қалалық мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» ХДП филиалының басшылары, діни ұйым өкілдері мен Ішкі әскер ардагерлері, сондай-ақ елімімздің әр өңірінен келген сарбаздардың туған-туыстары мен оқушылар қатысты.
Ант қабылдау рәсімі барысында, жас сарбаздардың саптық дайындық және қоян-қолтық ұрыс әдістері көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

Шара соңында жас сарбаздар негізгі жеке құраммен бір сапта салтанатты шерумен жүріп өтті.