Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырған

417
көрілім

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі, депутат-консерватор Надин Дорриске коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.

Доррис – коронавирус жұқтырған парламенттің алғашқы мүшесі. Оның ағзасынан вирус табылғаннан кейін ол барлық ұсынылған сақтық шараларын қабылдап, үй карантинінде қалды.

Оның хабарламасында Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі депутатпен байланысқа түскен адамдарды іздеу басталғаны айтылған. Доррис өзімен бір үйде тұратын 84 жастағы анасының денсаулығына алаңдаулы екенін хабарлады. Сейсенбі күні депутаттың анасы жөтеліп ауырған.

Денсаулық сақтау министрлігі Дорристі ауру белгілері бейсенбі күні пайда болғанын мәлімдеді. Сол күні ол премьер-министр ұйымдастырған Даунинг-стрит шарасында болған.

Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі Ұлыбритания бойынша барлығы 25 000 тест жасағанын айтып өтті.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда вирустан алты адам көз жұмды. Осылайша ауырғандар саны 382 адамға жетті. Олардың ішінде Англияда 324 адам, Шотландияда 27, Солтүстік Ирландияда 16 және Уэльсте 15 адам. Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияға Италиядан келгендердің барлығына 14 күнге өзін-өзі оқшаулауға кеңес берді.

British Airways Италияға және кері қарай ұшатын барлық рейсті 4 сәуірге дейін тоқтатты және компания қызметкерлерінен ақысы төленбейтін демалыс алуларын сұрады.