«Үміт» балалар үйінің үздік тәрбиеленушісіне ШҚУ гранты және Абай атындағы шәкіртақы табысталды

1165
көрілім

«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Сергей Алпысбаевқа университетте оқудың барлық кезеңіне С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың гранты берілді, сондай-ақ 50 мың теңге сомасындағы Абай атындағы ай сайынғы стипендия тағайындалды.

Грант сертификатын С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор, қалалық мәслихат депутаты М.Ә.Төлеген табыстады. Ол «Үміт» балалар үйіне қалалық мәслихат депутаты А.Қ. Есімбековамен, СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В.Ровняковамен бірге барды.
Гранттарды бөлу туралы шешімді университеттің Ғылыми кеңесі қабылдайды.
Марапаттау қарсаңында «Үміт» балалар үйінің педагогикалық ұжымы үздік түлекті анықтады.
Сонымен қатар, балалар үйін аралау барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген педагогикалық қызметінің 45 жылдығына орай «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Баймұқанқызы Бейсеқанованы Абай атындағы медальмен марапаттады.
Балалар концерт қойып, өз тұрмыстары, балалар үйіндегі өзін-өзі басқару жүйесі туралы айтып берді.
Кездесуден естелік ретінде тәрбиеленушілерге университет атынан сыйлықтар берілді: бейсболкалар мен ШҚУ логотипі бар блокноттар, сондай-ақ тәттілер.
Баспасөз қызметі