Ұлы Отан соғысы ардагерлері мамыр айының соңына дейін пойызбен тегін жүретін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы «Жеңіс» жобасы аясында акцияға орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне пойызда ТМД аумағы мен Қазақстанда, қалааралық бағдарларда 2017 жылғы 1-мамыр 31-мамыр аралығында тегін жүру мүмкіндігі жасалды, – делінген хабарламада.
«Турист» вагондарында, мүмкіндігі төмен жандарға «Тұлпар –Тальго» пойыздарында арнайы купе қарастырылады.