Үржар ауданы Карл Марксты неге қимай жүр?

1087
көрілім

Үржар ауданы Барқытбел ауылында Карл Маркстың ескерткіші әлі тұр. Бұл жайында журналист Берікхан Тайжігіт өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. 

- Үржар ауданының билігі әлі де өткен шақты аңсап, коммунистердің көсемдерін қалтарыс, бұлтарыстарда "тығып", ұстап, сақтап келе жатыр. Мына Кәрекең Барқытбел ауылындағы бұрынғы колхоз кеңсесінің алдында қасқайып тұр. Бұл жер қазір тойхана, - деп жазды ол.