ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бұйрығымен осы уақытқа дейін Алтай ауданын басқарған Нұржан Тоқсейітов Үржар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Нұржан Тоқсейітов — 1960 жылдың 6 шілдесі күні ШҚО Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы «Семенов» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1986 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1993 жылы Мәскеудегі Коваленко атындағы Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік ветеринарлық медицина институтының аспирантурасын, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді.
1994 жылы Мәскеудегі Ресей-Венгрия бірлескен кәсіпорнында жетекші маман болып жұмыс істейді.
1995 жылдан 1998 жылға дейін ол «Семей-Агро» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Кен-Холдинг» ЖШС сияқты кәсіпорындарды басқарды.
2000-2003 жылдары ШҚО жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы, 2003-2008 жылдары Алматы қаласындағы «Алрун» ЖШС бас директоры болып жұмыс істеді.
2008-2010 жылдар аралығында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2015 жылдар аралығында Зырян ауданы әкімінің орынбасары қызметіне сайланды.
2015 жылдың сәуір-қазан айларында ШҚО ветеринария басқармасын басқарды.
2015 жылдың қазанынан 2017 жылдың наурызына дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметтерін атқарып, соңғы үш жылда Алтай аймағын басқарды.