Үржар ауданында еріктілер 32 мың дана медициналық маска тікті

349
көрілім

Үржар ауданында еріктілер медициналық маска тігуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Аудандағы еріктілер, көпбалалы аналар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері бірлесіп 32 мың дана медициналық маска жасады. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Маскалар аз қамтылған жанұяларға, зейнеткерлерге тегін таратылады, - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов.

Оның айтуынша, өңірдегі қоғамдық орындарда және сауда нысандарында тұрақты түрде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін үржарлық көпбалалы аналардың күніне мың дана маска тігіп, тегін таратып жатқанын хабарланғанбыз.

Әділхан ЕСІМХАНОВ