Өңірдегі аудандар коронавирус жұқтырудың алдын алу шараларын мықтап қолға алуда. Үржарлықтар да бұл бастаманы қолдап, маскалар тігуге білек сыбана кіріскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтің сөзінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік мекемелер мен көпбалалы аналар, аудандағы білім ордалары және еріктілерден құралған ұйымшыл топ 32 мыңнан астам бетперде тіккен.
– Бұл игі іс әлі де жалғасын табады. Аталмыш бетперделер аудандағы көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге тегін беріледі, – деді аудан басшысы.