Үржар ауданында әуежай аумағы кеңейтілмек

1043
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Адан орталығындағы әуежайдың қазіргі жағдайымен танысқан жауапты тұлға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында әуежайдың ұзындығын 2100 метрге, енін 35 метрге ұзарту жоспарланғанын мәлімдеді.
– Бұл алыс-жақын аймақтар мен қалалардан ұшып келетін әуе рейстері үшін өте қолайлы болмақ. Қазірде жаңа жабындыны салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында орынбасарым Дидар Дәулетханұлы мен жауапты басшыларға нақты тапсырмалар бердім. Аталған жоспарлы жұмыс ауқымы 2022 жылы аяқталатын болады, – деді Нұржан Тлеужанұлы.