Қаңтар айының 29-ы күні түнгі уақытта патрульдеу кезінде Үржар ауданы Мақаншы ауылында 42 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан «Mazda» көлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның былтыр қараша айынан бастап сот арқылы 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны, соған қарамастан қайта мәшине тізгіндегені анықталды.
Сонымен қатар куәландыруға сәйкес, жүргізуші орташа мас күйде болған.
- Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - делінген мәліметте.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.