Үржар ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

728
көрілім

9 желтоқсан күні Үржар ауданындағы Қарабұта ауылында азқамтылған көпбалалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қарабұта ауылының тұрғыны азқамтылған, көпбалалы отбасы Ербол Үкібайдың отбасы баспаналы болды. «Елім-ай» ШҚ-ның басшысы Нұрбек Имаш көпбалалы отбасына демеушілік жасап, баспана кілтін табыстап, үлкен қуанышқа бөледі.

Салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары Роза Жүнісова қатысып, аудан әкімі Серік Зайнулдиннің құттықтауын жеткізді. Аудан әкімі Мұратбек Шөмшеков те көпбалалы отбасыға жылы лебізін білдірді.