23 қыркүйек күні Үржар ауданындағы Қабанбай ауылында «Субару Легаси» көлігі жол жиегінде келе жатқан әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Жарақат алған азаматша ауруханаға жеткізілді. Тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер көлік жүргізушісінің ішімдік ішкенін анықтады.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай, ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.