Үржар ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды

511
көрілім

23 желтоқсан күні Мақаншы ауылының әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Үржар ауданы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауылдағы орталық мешіттің көмегімен 8 мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасыларына жалпы көлемі 40 мың теңгені құрайтын азық-түлік таратылды.

Сонымен қатар Бақты ауылының тумасы Зайда Cукенова да аталған ауылдағы осы санаттағы  11 отбасына 22 мың теңгеге азық-түлік таратты.

Демеушілер мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантып, жандарына жылыулық сыйлап, сауабы мол іс жасады.