Аудан әкімі Нұржан Тоқсеитовтің мәлімдеуінше, қазіргі күрделі жағдай да жергілікті кәсіпкерлер нан бағасының қолжетімділігін сақтауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, қазір аудан орталығында 6 наубайхана бар. Қуаныштысы сол, кәсіпкерлер тұрғындар игілігі үшін нан өнімдері бағасын қымбаттатпауды күн тәртібіне қойған.
– "Ыстық нан"," Асыл дәм", "Төрлет" наубайханаларына барып, жұмыс ретімен танысып қайттым. Бүгінде баға тұрақтылығын сақтап, қиын-қыстау кезеңде аудан халқын нан өнімдерімен қамтып, ыңғайлы баға жұмысын жасап отырған кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Бұл жүйелі жұмыстың берер берекесі мен несібесі мол. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Елімізде осындай игі істер көп болсын! – деді Нұржан Тлеужанұлы.